Тоқаев жүргізушілердің құжатсыз жүруіне рұқсат беретін заңға қол қойды

13:23, 1 ақпан 2021

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қаңтар айында Сенат жол қозғалысы мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді қабылдады. Заң жобасы қолданыстағы заңдардан Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралының тіркеу туралы куәлігін өзімен бірге алып жүруді міндеттейтін норманы алып тастауды көздейді.

Полиция қызметкері тоқтатқан жағдайда жүргізуші тек жеке куәлігін ғана көрсете алады, жеке куәлік бойынша полиция қызметкері планшеттің көмегімен қалған құжаттарды өзі тексеретін болады. Сонымен қатар, қолында жүргізуші куәлігі мен көлік құралының тіркеу туралы куәлігі жоқ болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік те жойылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!