Тежегіште проблема! Lada көліктерін кері қайтаруда

11:23, 13 наурыз 2020
7387

Өткен жылдың қыркүйек айында АВТОВАЗ марка дилерлеріне он мың автокөліктегі тежеуішті вакуумдық күшейткіштің кері клапанын тексеру талап етілген хат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Енді осыған байланысты сервистік науқан жариялау жөнінде шешім қабылданды. Қамтылатын Lada Vesta, XRAY және Largus үлгілерінің саны 12 192 данаға жеткен.

Қолда бер деректерге сәйкес, ақау вакуумдық цилиндрдегі қысымның жеткіліксіз болуынан не мүлде болмауынан көрінеді. Жүргізушілер мұны тежеуіш педалін басқанда сезе алады.

Тізімге енген көліктердің барлығы сервистік бекеттерде тексеріліп, қажет болған жағдайда мамандар клапанды жаңасына тегін ауыстырып береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір