Талғар – Ұзынағаш. Үлкен Алматы айналма жолының жоспары

12:39, 23 сәуір 2020
7860

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің парақшасында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының жоспары жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы Алматы қаласы орталығынан 20-25 шақырым жердегі Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумақтарына жататын қала маңы аймағында орналасқан.
Тасжол Қырғауылды елді мекеніндегі "Алматы – Ұзынағаш" автомобиль жолымен, Райымбек елді мекенінде "Алматы – Бішкек" автомобиль жолымен, Ақсеңгір бекеті маңында "Бұрындай – Шамалған" автомобиль жолымен, сондай-ақ, "Алматы – Комсомол", "Алматы – Қапшағай", "Алматы – Байсерке" автомобиль жолымен, Құлжа тасжолымен қиылысып, "Алматы – Талғар" автомобиль жолымен қиылыста аяқталады.

Жоба аясында 7 көліктік жол айырығы, 20 көпір мен 20 жол өтпелі салынатын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!