Тағы бір ақау. ХҚО-ларда жүргізуші куәліктерін беру тоқтатылды

15:19, 12 қазан 2021
2029

© Сурет: primeminister.kz

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасында ақау орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Соған байланысты қазір айыппұлдар мен көлік жүргізу құқығынан айыру туралы мәліметтерді алу мүмкін емес.

Сондықтан ел аумағындағы мамандандырылған ХҚО-ларда жүргізуші куәліктерін беру мемлекеттік қызметі бойынша клиенттердің қабылдауы уақытша тоқтатылды.

Жауапты орган база жұмысын қалпына келтіріп жатыр. Мамандандырылған ХҚО-ларда қабылдаудың қайта жүргізіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, делінеді хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!