ТагАЗ Aquila: Қазақстанда 3,5 млн теңгеге ресейлік суперкар сатылуда

14:53, 3 шілде 2019
3856

Ресейде ТагАЗ деген кәсіпорын болған. Оның ең соңғы өнімі Aquila деген автокөлік еді. Кәсіпорынды 107 аттың күшін беретін 1,6 литрлік моторлы бұл седан да құтқармады, зауыт жабылып қалды, деп жазады Zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Aquilla бір-ақ жыл, 2013-ші жылдан бастап 2014 жылға дейін шыққан. Халық алмай қойған.

Бірақ бірнеше дана "Аквилла" кезінде Қазақстанға жеткізілген екен. Біреуі қазір Нұр-Сұлтанда жүр. Иесі сатам дейді, 3,5 млн-ға берем деп жүр. 2013 жылғы сары түсті седан, небәрі 62 мың шақырым жүрген.

Анықтама үшін: ТагАЗ Aquila өндірісі тоқтаса да, тура осындай автокөлік қазір Францияда шығарылады. Өндірісімен баяғы сол кісілер айналысады. Көліктің атауы MPM Erelis, оған 1.2 литрлік, 130 аттың күшін өндіретін PSA альянсының турбомоторы қойылады.


Источник: zakon.kz


Пікір