СҚО-да жүргізушілер көлікке құятын газ таппай сенделуде

17:09, 3 қыркүйек 2021

© Сурет: 24.kz

Петропавлдағы газ құю бекеттерінде көгілдір отын жоқ, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Ал ірі станцияларда тек талонмен беріліп жатыр. Бір литрінің бағасы 81 теңгеге сатылуда.

Айта кету қажет, өңірде аталған мәселенің туындағанына бірнеше күн болған.

Сергей Яловничий, жүргізуші:

– Бүкіл қаланы айналып келе жатырмын. Станциялардың көбі жұмыс істемейді, Әйтеуір, мына жанармай бекетінде бар екен. Қазір бір сағаттан кейін ауылға жолға шығуым керек. Ол жақта не болып жатқаны белгісіз. Ал бензинмен жүру қымбат.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!