Шымкентте таяқ ұстаған полицейдің «кесірінен» 4 көлік соғысты

Өткен жылдың қараша айында болған жол апатының жаңа мән-жайы анықталды.
2019 жылдың 27 қарашасында Қазығұрттың тұсында Ташкент бағытында келе жатқан төрт автокөлік: Lada Priora, Toyota Previa, Opel Vectra және Volkswagen Vento бір-бірінің артына соғылған. Сол кезде "QazAvtoJol" ҰК" АҚ баспасөз қызметі осы жол апаты бойынша жалған ақпарат берген екен, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
"QazAvtoJol" жол апатына көлігі бұзылып, күрт тоқтаған "Лада" жүргізушісі кінәлі деген.
Шындық енді ашылып жатыр. Сол күні өңірлік полиция департаментінің қызметкері Әлібек Бисенов Kia Cadenza-ға ұқсайтын қара көлікке жол беру үшін таяғымен тас жолдағы қозғалысты тоқтатпақ болған екен. Болған жағдай жүргізушілердің бірінің көлігіндегі камераға жазылып қалыпты.
Полицей "жолды жап" деген бұйрықтың жоғарыдан түскенін айтады. Полицейлер ең соңғы көлік жүргізушісіне хаттама толтырған екен.
Енді бүгін қоғамдық белсенді Руслан Жанпейісов адамдар мен мүлік зардап шеккен осы оқиға бойынша полиция қызметкерін кінәлап, оны жазалау үшін сотқа жүгінді. Жанпейісовтың пайымдауынша, полиция қызметкері жолда апатты жағдай туғызған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 14 қаңтар 2021
Маңғыстау тұрғыны өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды
-
15:37, 13 қаңтар 2021
Түтіндейтін көлік иелері 30 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді
-
14:30, 12 қаңтар 2021
Алматының Сайын көшесі тағы 3,2 шақырымға ұзарады
-
16:34, 11 қаңтар 2021
Ақтөбенің адамдары Ресей нөмірлі көлік алғандарды боспалады
-
22:46, 10 қаңтар 2021
Мопедпен қаланың қай жерлерінде жүруге болады
Пікір