Шетел нөмірлі көліктердің ел аумағында жүре тұру мерзімі ұзартылды

10:23, 9 сәуір 2021

© Сурет: zakon.kz

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі ағымдағы жылдың 5 сәуірінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдары бойынша уақытша әкелу мерзімдерін 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz ЕЭК-тің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіргендей, осылайша, жеке пайдалануға арналған автомобильдерді уақытша әкелген азаматтар ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін оларды ЕАЭО аумағынан алып шығу міндетінен босатылды.

Шешім короновирустық инфекцияның (2019-nCoV) таралуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған шараларды қабылдауға және жеке тұлғалар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес міндеттерді орындау мүмкін еместігіне байланысты қабылданды.

Бұл шешім COVID-19 пандемиясы кезіндегі жұмыс туралы кеден әкімшіліктері үшін жарияланған Дүниежүзілік кеден ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2020 жылғы 29 сәуірде №47 шешім қабылданып, оған сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралдары бойынша уақытша әкелу мерзімдері 2021 жылғы 31 наурызға дейін ұзартылған болатын (кеден органының рұқсатынсыз және кедендік декларациясыз).

Шешім ЕАЭО Кеден кодексіне сәйкес үшінші елдерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Одақ аумағына уақытша әкелуге 1 жылдан аспайтын мерзімге ғана рұқсат берілетініне байланысты қабылданды, - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!