Шекарадағы Бақты бақылау-өткізу бекеті әлі жабық тұр

13:17, 7 қазан 2021

© Сурет: zakon.kz/ Павел Михеев

Бақты бақылау-өткізу пунктінің қытайлық тарапы әлі жабық тұр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қытай тарапында зарарсыздандыру құралдарының қысқы маусымға дайындығы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатуына байланысты Бақты бақылау-өткізу бекеті 2021 жылдың 10 қазанына дейін жабық болады, деп хабарлады МКК.

Тасымалдаушылар мен шекарадан өтуге тілек білдірушілерден көрші елде жүргізіліп жатқан қызметті ескере отырып, өздерінің жүріс кестесін алдын ала жоспарлап алу сұралады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!