Сертификатпен қандай көлік алуға болады

11:18, 4 наурыз 2021

© Сурет: 7kun.kz

ӨКМ Операторы ескі көлікті сертификатқа қабылдау бағдарламасының 2020 жылы жүргізген жұмысына қорытынды жасады. Өткен жылдың нәтижесі бойынша қазақстандықтар тозығы жеткен 8 651 техниканы жеңілдік сертификаттарына айырбастаған. Соның нәтижесінде қазақстандық автоөндірушілерден су жаңа көлік құралдарын немесе ауылшаруашылық техникаларын сатып алу кезінде жеңілдік сертификатын пайдаланған, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы бағдарлама бойынша былтыр 5 352 жеңіл автокөлік, 415 бірлік жүк көлігі, жолаушылар тасымалдайтын 12 көлік және 2 дана агротехника сатып алынды. Осы машиналарды сатып алу үшін 11 076 жеңілдік сертификаты қолданылған.

2020 жылы жеңілдік сертификаты арқылы саудаланған көліктердің көшін Hyundai маркасы бастап тұр. Одан кейін Ravon мен Lada маркасы орналасқан. Kia мен Chevrolet үздік бестікті түйіндеп отыр.

Жаңа техника сатып алуға жеңілдік беретін сертификат бағдарламасы биыл да өз жалғасын табуда. Былтырдан бастап агротехниканы жоюға қабылдау басталған болатын. Тозығы жеткен ауылшарушылық техникасын тапсырғандарға берілетін жеңілдік сертификатының құны агротехниканың (өздігінен жүретін) түрі мен жиынтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады.

Жеңілдік сертификатын отандық автоқұрастырушыдан су жаңа ауыл шаруашылығы техникасын немесе елімізде шығарылған жеңіл, жүк және жолаушылар көлігін сатып алатын кезінде пайдалануға болады. Айта кету керек бір көлік сатып алғанда 2 сертификатты біріктіріп қолдануға болады. Жеңілдік сертификаты тіркелген күннен бастап 12 айға жарамды.

Жеңілдік сертификаты арқылы жаңа көлік сатып алуға болатын машина маркалары мен модельдер тізімі:

Hyundai Trans Kazakhstan: Hyundai Santa Fe, Palisade, Elantra, Sonata, Tucson ix35, Creta, Accent

Daewoo Bus Kazakhstan: ЛиАЗ 5292, 4292, 5293 ПАЗ 3203, 3204 ГАЗ 3221, А6, 2217 Daewoo BH 120

"СемАЗ" ЖШС: Газ 3302, 2705, 2310, 2752, А, А6, 3308

Shacman: SX3258, SX5258

Dong Feng: BWC6665GA5

УРАЛ: 6929Z, 6929M, 6929H, 6929V, 5701,5702, 5703, 5704, 6701, 6702, 6703, 6704, 5301, 5302, 6301, 6302, 6401, 6402, 5705, 6705, 6706.

Chevrolet: Tracker, Tahoe, Trailblazer, Traverse, Malibu, Cobalt, Nexia (R2,R3,R4), Labo, Damas DLX, Damas VAN, Spark, Niva

JAC: S3, S5, S7, J7, T6, N721, N350, X200

Ravon: Nexia (R2,R3,R4)

УАЗ: 3163, 2206, 3962, 2924, 2363, 3303, 3741, 3909

Кировец: К-730, К-735, К-739, К-742

Lovol: TE-354, TB-604, TD-904, TD-1304

Essil: КЗС-730, КЗС-740, КЗС-750, КЗС-760, КЗС-790

КСК: 600-03

Беларус: 112-Н-01, 132-Н-01, 132Н, 132МТ, 152, 320.4, 422, 422.1, 622, 80Х, 80.1, 82.1, 892, 892.2, 920, 920.2, 921, 921.3, 952, 952.2, 1025, 1025.2, 1025.3, 1221.2, 1221.2Т, 1523, 1523В, 2022.3, 2103, 3522

ACROS: (комбайн) 585, 595 Plus

TORUM: (комбайн) 750


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!