«Сергектің» халықтан сыпыратын айыппұлдары кімнің қалтасына түседі

17:01, 19 ақпан 2020
6975

Алматыда орнатылған 404 "Сергек" камерасы ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл хаттамаларын жөнелтуде. Бірақ қала тұрғындарын ол ақша қайда кетіп жатыр, деген сұрақ мазалайды. Алматының қоғамдық кеңесінде осы мәселе сөз болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматының "Сергектері" жыл басынан бері 60 млн теңгеден асатын сомаға 5 273 ереже бұзушылықты тіркеген. 2962 хаттама бойынша 25 млн теңгеден астам айыппұл төленген.

- Төленген айыппұлдар алдымен 100% бюджетке түседі, ал камералардың қызметі мен күтіміне қажетті қаражат келісімшарт бойынша төленеді, - деді Алматы Әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Жандулла Шайхиев.

"Сергекті" әзірлейтін компанияның өкілі Руслан Асаубаев та айыппұлдардың ең алдымен бюджетке баратынын растады.

- Біз камералардың қызметі үшін ғана ақша аламыз. Қазір мысалы, мемлекеттік сатып алу аясында Алматыдағы 404 кешенге қызмет көрсету үшін айына 53 млн теңге, немесе әрбір кешен үшін 130 мың теңге аламыз. Бұл байланыс каналдары, электр қуаты, баптауы мен күтімі, өзіміздің инвестицияларымыз, - деді Руслан Асаубаев


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!