«Сергек» эвакуаторға тиелген көлікке айыппұл салып жіберді

09:57, 27 қараша 2019

Өскеменнің "Сергек" жүйесі шамадан тыс сергектік танытып қойып, артынан дау шығып жатыр. Эвакуаторға тиелген күйі кетіп бара жатқан жеңіл көлікке жылдамдық үшін айыппұл келді, деп жазады Factum.

Рұқсатты жылдамдық сағатына 60 шақырымдық жерде 77-мен жүрген эвакуатордың нөмірін танымаған "Сергек" жүйесі 12 625 теңге айыппұлды оған тиелген жеңіл көліктің иесіне айдап жіберіпті.

Көлік иесі – әйел адам екен. Ол қазір шу шағарып, дауласып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!