Сағынтаев Талғар мен Қаскелеңге теміржол салам дейді
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев есеп беру кездесуінде мегаполис көшелеріндегі кептеліске қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша Алматы тек қатаң карантин кезінде кептелістен арылды, алайда шектеу күші жойылған соң жолдар қайта сырттан келетін көлікке толды. Таңғы уақытта қала маңында тұратын азаматтар Алматыға ағылса, кеш бата үйлеріне қайтады, деп жазады kolesa.kz.
Облыс жақтан кептеліс болмас үшін жолайрықтар салып жатырмыз, ИИДМ-мен бірге жолды кеңейту жұмыстарын бастадық. Талғар тас жолы екі жолақты, қазір оны төрт жолақты етуді қарастырудамыз. Каменка жақтағы Қаскелең тас жолын да кеңейту қажет, — деді Сағынтаев.
Әкімнің сөзінше кептелістен арылу үшін "Халық Аренадан" Талғарға дейін, қаладан Қаскелеңге дейін жүретін электр пойызын іске қосу жоспарда бар. Шенділер жобаны қолға алатын инвестор тауыпты.
Әкім күн сайын қалаға 17 мың жүк көлігі кіретінін және мұның экологияға кері әсер ететінін атап өтті. Қазір әкімдік транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін қарап жатыр.
Еске сала кетейік, қала билігінің Талғар мен Қаскелеңге қатынайтын электр пойыздары жайлы айтқанына бірнеше жыл болды. Бірақ мұның іске асатын түрі жоқ. Ал қаланы дамыту жоспарында аталған қалаларға Алматыдан жүрдек трамвай жүргізу ұсынылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр