Ресей және армян нөмірлі 240 автокөлік қамалды – Атырау облысында «аулау»

16:47, 18 ақпан 2020

Атырау облысында 8-16 ақпан аралығында жүргізілген "Борышкер" жедел алдын алу шарасының аясында 20 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді, деп хабарлайды zakon.kz Ақ Жайыққа сілтеме жасап.

Шараның негізгі мақсаты – ескі айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді "аулау" болған. Төленбеген айыппұлы бар 270 жүргізуші анықталды – олардың көліктері айып тұрағына кетті.

ДП баспасөз қызметінің ақпаратынша, ол көліктердің ішіндегі 170-тен астамы Ресей Федерациясында тіркелген, тағы 70-ке жуығы Армения Республикасында тіркелген болып шықты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!