Ресей өте шағын электромобиль шығармақ

09:32, 5 ақпан 2020

Роспатенттің ашық базасында ресейлік Zetta электромобилінің жаңа дизайны пайда болды: сериялық өндіріске бұл көлік дәл осындай болып шығуы бек мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

Жекеменшік Zetta компаниясы бұған дейін хабарлағандай, Zetta электромобилі әрқайсысының қуаты 18,1 кВт-тық төрт мотор-дөңгелекпен жабдықталады, электромоторлардың жалпы қуаты 72,4 кВт болады (98 аттың күші).

Мәшиненің ұзындығы 3 метрден сәл асады, салмағы 400 келіге де жетпейді. Соның арқасында көлікке квадроцикл ретінде секртификат алуға болады.

Автокөлік бір толық зарядпен шамамен 200 шақырым жол жүріп береді, делінеді.

Жоспар бойынша, Zetta биыл жыл соңында шығады, базалық версиясы шамамен 450 000 рубль болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!