Өзбекстан автокөліктерге импорттық акциз салығын жойды

16:35, 4 маусым 2020
4906

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 3 маусымда ішкі автокөлік нарығын дамыту туралы қаулыға қол қойды.

Бұл туралы республиканың әділет министрлігі хабарлады.

Құжатқа сәйкес, биыл 1 тамыздан бастап автокөліктерге акциз салығы жойылады.

Қазір республикада жеңіл автокөлік импортына 30 пайыздық акциз салығы алынып жүр. Ресейде, Қазақстанда және Украинада шығарылған жаңа автокөліктердің акциз салығы 2 пайыз деп белгіленген. Өзбекстанмен еркін сауда аймағы туралы келісімге отырған елдердің автокөліктеріне жеңілдік қарастырылған.

Қазір Өзбекстанға шетелден автокөлік әкелу үшін қосылған құн салығын (15%), кеден және акциз салықтарын төлеу керек.

Autostrada сайтының мәліметі бойынша, акциз салығы жойылған соң, Өзбекстанға шетелден әкелінетін автокөлік бағасы кем дегенде 2400 доллар арзандайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!