Оқу басталып, Алматыда кептеліс күшейді – полиция ескертуі

11:57, 2 қыркүйек 2021

© Сурет: zakon.kz

Алматы полициясы жаңа оқу жылының басталуына байланысты көшелердегі көлік ағынының ұлғаятынын ескертеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, осы күндері жаңа оқу жылының басталуына байланысты қала жолдарындағы жағдай күрделене түсті: көлік саны күрт көбейіп, қозғалыс қиындады.

Көлік жүргізу мәдениеті мен тәртіп маңызды. Сондықтан біз жол қозғалысының қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға, сондай -ақ олардың жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырамыз.

Бұл ретте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кептелістерді тарқату мақсатында "қарбалас уақыттарда" қаланың негізгі магистральдарында қозғалысты қолмен басқаратын патруль жасақтарының жұмысы күшейтілді.

Патруль жасақтары оқу басталған уақыттан бастап мектептердің жанында қызмет етеді, қозғалысты үйлестіріп, оқушылардың жолдан дұрыс өтуіне көмектеседі. Дәстүр бойынша, полиция қызметкерлері бірінші сынып оқушылары үшін жол қозғалысы ережелері туралы тренинг-сабақтар циклын өткізеді.

Бұл профилактикалық жұмыстар жол-көлік жарақаттарының алдын алуға және балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын төмендетуге бағытталған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!