«Нұр Жолы» бекетіндегі 58 шақырымдық кептеліс әрең тарқатылды

20:42, 12 тамыз 2020
1482

Алматы облысының полициясы шекаралас көршіміз Қытай мен еліміз арасындағы "Нұр Жолы" кедендік және шекаралық бақылау бекетінде қалыптасқан күрделі жағдайды шешуге алғашқылардың бірі болып атсалысты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Пандемияға байланысты Қытай Халық Республикасы өзге елдерден қабылдайтын көлік санын қысқартты, соның салдарынан өткізу бекетінде кезекте тұрған жүк автокөліктердің кептелісі орын алды. Бүгінгі таңда оның ұзындығы 58 шақырымды құрады, жалпы саны - 2 мың 366 жүк көлігі. Аудан әкімі тез арада жедел штаб құрды. Штабқа кеден қызметі, шекара қызметі, полиция бөлімі, сондай-ақ жүргізушілер құрамынан белсенділер енгізілді. Бұл жерде аталған өткізу бекетіндегі проблемалар талқыланады және шешіледі. Жедел штабтың күнделікті отырыстары барысында қалыптасқан жағдай тұрақталды. Аталған учаскеде қоғамдық тәртіпті бұзу, жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Сонымен қатар, жүргізушілермен заң талаптарын мүлтіксіз сақтау және ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде", - деді Алматы облысы Панфилов аудандық Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Жандос Кавлиев.

Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімшесінде жедел штабтың белсенді жұмысы және жүк көлік құралдарының жүргізушілерімен тығыз қарым-қатынас нәтижесінде өткізу бекетін жедел кесіп өтуге ықпал ету туралы өз қызметтерін ұсынатын делдалдардың заңсыз іс-әрекеттерін анықтау мүмкін болды деп нақтылады.

"Бұл – заңсыз әрекеттер. Жүргізушілердің өздері жалпы кезекті "айналма жолмен" өтуді қалап, сұраныс тудырмағаны белгілі. Қазірдің өзінде делдалдар қатарынан бірнеше адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтары "Нұр Жолы" бекетінің маңында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтады. Құқық бұзушыларға әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылданды. Бұл жердегі жағдай тұрақты және бақылауда", - деді подполковник Кавлиев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір