Нұр-Сұлтанда жасыл жолақты жол белгілері пайда болады

17:30, 11 мамыр 2021
2000

© Сурет: nur_sultan

Нұр-Сұлтанда автобус жолағының басында жасыл жол белгілері пайда болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қауіпсіздікті, зейіннің шоғырлануын және жүргізушілерге алдын-ала ақпарат беруді қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық көліктерге бөлінген жолақтарды жасыл түсті жолақпен толтыру туралы шешім қабылданды. Онда да автобустарға арналған жолақтың бүтін өзін емес, тек автобус жолағы басталатын тұстарды, - деп хабарлады елордалық ПД.

Қазіргі уақытта осы жол белгілерін қолдану үшін көше учаскелері зерттеліп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір