Нұр-Сұлтанда Мәмбетов көшесі жаяу көшеге айналады
© Сурет: Нұр-Сұлтан әкімдігі
Нұр-Сұлтан қаласының Урбанистика орталығында қала белсенділерінің, кәсіпкерлердің, шығармашылық өкілдерінің қатысуымен жазғы жаяу жүргіншілер көшесінің жобасы қоғамдық талқылаудан өтті. Туристерді тартудың жаңа орталығы ретінде жоспарланып отырған Мәмбетов көшесінде функционалды аумақтарды қалай және қайда орналастыру керектігін талқылап, өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Урбанистика орталығы өз кезегінде Ә.Мәмбетов көшесін жаяу жүргіншілер үшін жазғы көшеге айналдыруды жоспарлап отыр. Демалыс күндері автокөлікпен жүруге тыйым салынады. Мұнда жол бойында фестивальдер, жәрмеңкелер, қойылымдар өткізілмек. Көшені антиквариат заттар мен гастрономиялық өнімдер сататын, сол сияқты экскурсиялар өткізетін орынға айналдыру ұсынылды.
Жиналған жұрт алдағы кездесуде нақты ұсыныстарын әзірлеп, көшені қызықты дүниелерге бірлесе "толтыру" туралы шешімге келді.
Нұр-Сұлтан қаласы Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен қала тұрғындарымен өткен кездесулердің басты мақсаты – табысты жобаны құру екенін айрықша атап өтті. Елорданың әрбір тұрғыны қаланың тарихи бөлігін қызықтап, шығармашылығынан ләззат алып қана қоймай жаяу серуендеп, жәрмеңкелер мен көшенің өзге де іс-шараларына қатыса алады.
Еске сала кетейік, Мәмбетов көшесінде Шығыс мерекелерін, яғни ұлттық тағамдар фестивальдерін, қолөнершілер жәрмеңкелерін, туристік экскурсиялар мен басқа да ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр