Нұр-Сұлтанда бір дөңгелек ауыстыру құны 8 мың теңгеге жетті

11:30, 29 қазан 2020
2861

Еліміздің солтүстік аймақтарына қар түсісімен көлік жүргізушілері әбігерге түседі. Дөңгелек ауыстыратындардың жұмысы қызады. Сәйкесінше баға көтеріледі. Ал, алғашқы көктайғақ кезінде бас қала көшелерінде жол көлік оқиғалары жиілеген. Оған жазғы резинамен жүйткіген көліктер себеп болады екен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алғашқы қар түсісімен көлік жүргізушілері өздерінің темір тұлпарларын қысқа сайлауға қамданады. Ал, осы тұста дөңгелек ауыстырушылар сұраныс болған соң, өздерінің қызметтерін бірнеше есе қымбаттатып жіберетіні белгілі. Біз қазір, елордадағы дөңгелек ауыстыратын жерге келдік. Мұнда бір көлікті қысқа дайындауға қанша қаржы кетеді? Соны біліп көрейік".

Бір көзіміз жеткені бас қалада дөңгелек ауыстыру құны аудандарға қарай құбылып отырады. Мәселен, сол жағалаудағы қызмет көрсету жеңіл көліктер үшін 10 мың теңгеден басталады. Ал, қаланың орталығы мен шеткі бөліктерінде 5-6 мыңға табуға болады. Дөңгелектің өлшемі ұлғайған сайын бағасы да шарықтай береді екен.

Руслан Құдайбергенов, дөңгелек ауыстырушы:

Енді, көбінесе балдар таппайды көбісі. Бір екі баланы қойып қояды да, арғы жақтан ақшаны шығарып отырады. Бізде үш бала істеп жатыр, 10 минутта бір көлікті жібереміз. Сөйтіп жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы, шипысы түскендерді салмаған дұрыс қой. Көбіне жолдағы дтп сондайдан болады ғой. Сол үшін уақытында ауыстырған дұрыс.

Ал, көлік жүргізушілері темір тұлпардың бөлшектерімен қоса, күтіп-баптау бағасы жылдан жылға шарықтап жатқанын айтады. Алғашқы қар түскен күннен ақ, көліктің дөңгелегін ауыстыру үлкен бас ауруға айналады, - дейді. Ерте сайлап алайын десе, резиналардың шегесі түсіп, қыста жарамай қалады екен.

Ерболат Бердібек, қала тұрғыны:

Осы күз уақытында, қолдан өсіріп алады шиномонтаждар. Былтырлары шиномонтаждан бір дөңгелек ауыстыру үшін 4 мың теңге болса, қазір 6 мың теңге. Басқа жерлер 8 мың теңгеге дейін өсіріп жатыр. Соған бір шектеу қою керек қой негізі. Ерте бастан ауыстырсаң арзан. Оған шеге түсіп қалады ғой. Оның ешқандай пайдасы қалмай қалады. Асфальтқа да зиян болады. Ол ертең сені ұстамай машинаның артына кіріп кетсең, оған екі есе ақша төлейсің.

Дәл қазір қалада "Шиномонтажкалардың" дәурені жүріп тұр. Қай қайсысын алсаң да, алдында ұзын-сонар кезек. Пайданың көзін тапқандар, соңғы көлікке дейін қызмет көрсетуге дайын. Ал, қалада алғашқы көктайғақ кезінде 50 жол көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам дене жарақатын алыпты. Заң бойынша дер кезінде дөңгелек ауыстырмаған жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады екен. Егер, мұндай жағдай қайталанса айыппұл 4 есеге өседі.

Бауыржан Тоқжұманов, қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

Бірінші қар түсуіне байланысты біздің Нұр-Сұлтан қаласының аумағында бір тәуліктің ішінде 50 жол көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан бір адам дене жарақатын алды. Қар жауғанға байланысты шамалы жол тайғақ болғаннан кейін, осындай апаттарға әкеп соқтырады.

Қысқы дөңгелекке көшуді кейінге қалдырып жүрген жүргізушілердің назарына. Синоптиктер бір аптаға көңіл көншітпейтін болжам жасады. Алдағы уақытта, солтүстік өңірлерде күн суытып, көктайғақ болуы ықтимал.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!