Мотоциклді "аяғымен айдаған" мотоблогер жол апатынан өлді

12:57, 13 маусым 2019
1223

YouTube-тегі Moto nexus каналының жүрізушісі Артем Болдырев мотоциклмен келе жатып, Мәскеу облысындағы М-4 "Дон" тас жолының 69-шы шақырымында Fiat Ducato жүк көлігіне соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

33 жастағы мотоблогер апат болар сәтте мотоциклдің рөлін қолымен емес, аяғымен басқарып келе жатқан деседі. Мұны оның шлеміндегі экшн-камераның жазбасы дәлелдейді.


Источник: zakon.kz


Пікір