Мәшиненің төресі еді. Мерседес E 500-ге 25 жыл толды

13:12, 27 наурыз 2019
1393

1990 жылдың 4 қазанында Париж автосалонында Mercedes-Benz компаниясы W124 кузовындағы Е-класының ең қымбат нұсқасын таныстырды. Сырт қарағанда, бұл мәшине 1984 жылдан бері шығып келе жатқан қарапайым нұсқалардан онша ерекшеленбейтін, деп жазады motor.ru.

Оның басты ерекшелігі – 5-литрлік V8 М119 қозғалтқышы еді. Қуаты 326 аттың күшіне тең. Артқы жетек, төрт сатылы автоматпен бұл көлік 6 секундқа жетпейтін уақытта сағатына 100 шақырым жылдамдықты бағындыра алатын. Максималды жылдамдығына сағатына 250 шақырымдық межеде шектеу қойылды.

Е 500 деген белгі бұл седанда 1993 жылы жасалған рестайлингтен кейін пайда болды. Сол кезден бастап Мерседес өз модельдеріне атау берерде қозғалтқыш көлеміне емес, көліктің санатына қарайтын болды.

1994 жылдың қазанында Е 500-дің тиражы 10 мың данаға жетті.

Е 500-дің өндірісі 1995 жылы тоқтатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!