Маңғыстаулықтар бензинмен жүретін көлікке көп жоламайды

14:35, 3 қыркүйек 2020
3196

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясы зерттеу барысында, Қазақстанда автомашиналарға бензин немесе дизель, яки-газ, аралас отын құятынын немесе электрмен қуаттайтынын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҰЭМ статистика жөніндегі Комитетінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 шілдесіне қарасты Қазақстанда 3,9 млн жеңіл автомашина тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 5% астам. Тіркелген автомобильдер санының жетекшісі ретінде бұрынғыша Алматы облысы және Алматы қаласы саналуда. Алайда, 2020 жылы, аталған екі аумақта автомашиналар саны 1% қысқарды (491 061 және 468 495 автоға сәйкес).

Қазақстандықтардың 88,8% бензин құяды, ал 7,4% – аралас отын, 1,9% – дизель, 0,1% – газобаллон пайдаланады, ал 0,01% электрмен қуаттайды. Көпшілігі бензин құятынына қарамастан, кейбір аумақтарда жүргізушілер аралас отынын пайдалануды ұнатады.

Қазақстандықтар қандай отынды құяды

Бензин. Елімізде 3 454 104 жеңіл автомашина бензин құяды. Олардың көбі Алматы қаласында (12%), Нұр-Сұлтан қаласында (7%), Алматы облысында (13%), Шығыс Қазақстан облысында- (8%), Қарағанды облысында (8%) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (6%). Бензинді Түркістан және Маңғыстау облыстарында сирек қолданады. Онда бар болғаны 2% "бензинді" автомашиналар тіркелген.

Дизель отыны. 75 313 автокөлік иелері дизель құяды. Дизель отынын пайдалану жетекшісі ретінде Алматы (25%) және Алматы облысы (16%) автомашиналары табылады. Ең аз "дизельді" авто Кызылорда (2%), Павлодар (1%) және Ақтөбе облыстарында (1%).

Газобаллон отыны. Бұндай отынды Қазақстанда бар болғаны 3 772 автомобиль құяды. Газобаллон отынын пайдаланатын көлік құралдары көбіне Алматы қаласында (14%), Нұр-Сұлтан қаласында (4%) және Алматы облысында (4%) кездеседі. Газ пайдаланатын жеңіл автомашиналардың ең аз пайыздық саны – Қостанай, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында. Бұл аумақтарда жиынтығымен алғанда, 123 автомобиль газобаллон отынында жүреді.

Аралас отын. Бұл отын түрін пайдаланатын жеңіл автомашиналардың жалпы саны – 286 793 бірлік. Гибрид түрін ұнататындар көпшілігі Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында – 26% және 12% сәйкес. Автокөлік иелері аралас отынын ең аз пайдаланатын аумақтары Павлодар (2%)және Шығыс Қазақстан облыстарында (1%).

Электр қуаты. ҚР бар болғаны 582 электромобиль тіркелген. Оның ішінде, 438 бірлігі аумағы анықталмай тіркелген. Ең көп электромобиль саны Алматы қаласында тіркелген – 62 бірлік. Алайда, былтырғы саны 18 бірлік астам болған. Нұр-Сұлтан қаласында бір жыл ішінде электромобиль саны 7 бірлікке кеміген (қазір 44 авто тіркелген). Қостанай облысында – 13 электромобиль. Электр қуатымен жүретін жеңіл автомашиналары тіркелген нөлдік көрсеткіші – Атырау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында.

Отынның қай түрі ең үнемді

Электр түрі

Әлбетте, электромобильдер басқа көлік құралдарына қарағанда, экология тұрғысынан пайдалы, себебі көмірқышқыл шығармайды, бірақ олар қымбатқа түседі және "құюы" ұзақ. Автомашинаны электрмен қуаттау үшін 40 минут уақыт кетеді, ал қарапайым жанармай бекетінде машиналар 5 минуттан артық тұрмайды.

Дизель

Егер бензин модельдерімен салыстырсақ, дизельмен жүретін автомашиналар таза және шусыз деп саналады. Сонымен қатар, олардың отын шығыны бензиндік автомашиналарға қарағанда азырақ.

Газ

Бензиннен арзан тұрады. Бірақ газ автолары бір құйғанда дизель және бензин құйылған автомашиналардан кем жол жүреді . Тағы бір минусы бар – газ баллондары ықшам деп саналмайды. Олар жеңіл автомашинада көп орын алады.

Аралас отын. Бұл түрін алсақ, шығыны дизель және бензин немесе таза бензиндік автоларына қарағанда аз. Демек, гибридтер ұзақ және жиі жүру кезінде тиімді, әсіресе қалада.

Бензин

Электромобиль, гибрид, газ және дизельдік автомашиналарының жағымды жақтарын алғанмен, ішкі жану қозғалтқышы бар көлігі үнемді және қолайлы болуы мүмкін. Мысалы, қозғалтқыш көлемі шағын автомашиналар отын шығынын үнемдейді, әсіресе ұзақ қашықтықтарда. Сондай-ақ, аталған машиналардың құны гибридтік көлік пен электромобильдерге қарағанда қолжетімді.

Freedom Finance Insurance СК мамандарының пікіріне сәйкес, ең үнемді отын түрі туралы бір мағыналы жауап беру мүмкін емес. Әр көлік иесі, бағасы, моделі, отын түрі және басқа критерийлері қолайлы автомашинасын дербес таңдайды. Айта кететін, сіздің автоңыздың отынына тәуелсіз, ең бастысы оның сапасына назар аудару қажет. Сақтандыру компаниясының мамандары, сапасыз отын пайдалану салдарынан болған көліктің бұзылуы сақтандыру жағдайы ретінде қаралмайтынын түсіндірді, ол Сіздің сақтандыру полисіңізге қатыссыз (КАСКО немесе ОГПО) болса да.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!