«Lada» енді Өзбекстанда құрастырылады

16:56, 22 қыркүйек 2021

© Сурет: kolesa.kz

АВТОВАЗ Ресейден тыс тағы бір елде Lada көліктері құрастырылатынын ресми мәлімдеді. Енді Өзбекстанның "Жизақ" еркін экономикалық аймағында орналасқан "Джизак-ADM" зауытында брендтің бірнеше моделі ірі торапты әдіспен шығарылады, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Кәсіпорын аталған елдің ішкі нарығы үшін жұмыс істеп, дилерлік орталықтарға Lada Vesta (SW және SW Cross), Largus және Largus Cross, XRAY Cross хетчбэгін жеткізеді.

Зауытқа иелік ететін Roodell компаниясы хабарлағандай, марканы мұнда құрастыру тұтынушылар үшін көлік бағасын арзандатады, әрі Өзбекстанның мемлекеттік сатып алу бағдарламаларына қатысып, сатылым мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

Өзбекстанда Lada-ның 18 дилерлік орталығы жұмыс істейді. 2020 жылы елде марканың 5000 дана машинасы сатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!