Куәлігінен айырылса да көлік рөліне отыра беретіндер енді қамауға алынады

12:19, 2 мамыр 2019

Мәжіліс депутаттары Бас прокуратураға сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Сауалда айтылғандай, соңғы екі жылда елімізде 90 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылған.

Сөйте тұра куәлігінен айырылғандар тарапынан 15 мыңнан астам әкімшілік және қылмыстық заң бұзушылық жасалған. Депутаттардың сөзінше, куәлігінен айырылғандар сот шешімін орындамай, көлікке қайта отырып, өзгелердің өміріне қауіп төндіруін қояр емес.

Сауалға жауап қайтарған прокурорлар қазіргі қолданыстағы заңның жеңіл екенін, ереже бұзушыларды онша қатты қорқытатындай емес екенін мойындады.

— ӘҚбК 612 бабы 3 бөлігі (көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша жаза тым жеңіл, тек 10 АЕК көлемінде (25 250 теңге) айыппұл көзделген. Соған байланысты бұл бап бойынша жазаны күшейту қажеттігі туындап отыр, балама жаза ретінде қамауға алуды енгізуге болады, – деп хабарлады бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!