Коронавирус тоқтаса, қазақстандықтар Damas пен Labo міне алады

21:39, 28 наурыз 2020

Қостанайда 28 наурыздан бастап Chevrolet автокөлігінің жаңа моделі құрастырыла бастады, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Өзбектің Ravon бренді 2020 жылдың ортасына таман жойылады. Енді "УзАвтоСаноат" компаниясы GM компаниясымен Chevrolet брендін тек қана Өзбекстан аумағында пайдалану құқығы туралы кесілімшарт жасасты.

Бүгін кезекті қадам жасалды — "Аллюр" МК" АҚ және "УзАвтоСаноат" АҚ арасында құрылған Бірлескен кәсіпорын аясында Қостанайда жаңа атаумен шығатын автокөліктерді құрастыру басталды.

"СарыарқаАвтоПромда" арасында үзілістермен 2017 жылы құрастырыла бастаған "Нексияларға" Chevrolet Cobalt және Malibu седандары қосылды (енді кейінірек Tracker және Trailblazer кроссоверлері), сондай-ақ Damas және Labo пайда болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!