Қорғасқа жолға шыққан Ауди ішінде жүргізуші мен жолаушы қаза тапты

11:26, 31 шілде 2019
4154

31 шілдеде Алматы-Қорғас тас жолының 72-ші шақырымында түнгі сағат 03:00 шамасында ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығысты бетке алып келе жатқан Audi A6 жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол ортасындағы темір қоршауға соғылып, қоршаудың 20 метрдей жерін жапырып кеткен. Темірдің бір бөлігі салон ішіне кірген.

Алған жарақаттарынан жүргізуші мен оның артында отырған жолаушы апат орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы ауыр, аяғы ампутацияланды.

Оқиға орнында Алматы облысының полициясы мен тергеушілер жұмыс істеуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!