Көліктерді 1 наурызға дейін не тіркеу керек, не елден шығару керек – Тоқаев

13:17, 24 қаңтар 2020

Мемлекет басшысы Қазақстанға заңсыз кіргізілген автокөліктер мәселесіне байланысты өз сөзін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент мәлімдегендей, заңсыз автокөлікпен Қазақстанда заңсыз жүргендер 2021 жылдың көктеміне дейін бұл мәселені шешуі керек.

– 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері кедендік баждар мен утилизациялық алымды төлеп, автокөлікті не тұрақты тіркеуге тұрғызуы керек, немесе ел аумағынан шығаруы керек. Болмай жатса, заң бойынша тыйым салынбаған басқа бір жолын табуы тиіс, – деді ҚР Президенті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!