Көлік салығын төлеуді 1 сәуірге дейін созатын Заңға Тоқаев қол қойды

21:53, 25 желтоқсан 2020

​​Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Осы заңға сәйкес жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Осылайша, жаңа түзетулер жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі есепті жылдан кейінгі жылдың I - тоқсанының соңына ауыстырылады.

Яғни, көлік иелері 2020 жылға арналған темір тұлпарына салықты 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлей алады. Бұл норма тұрақты болып табылады.

Комитетте атап өткендей, бұндай жаңашылдықтар жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін дұрыс есептеу және көлік құралдарын иеленудің нақты мерзімінің өзгеруіне байланысты артық төлемнің пайда болуын болдырмау, көлік құралдарына қате (артық) төленген салықты қайтаруға байланысты әуре-сарсаңға салуды болдырмау мақсатында енгізіліп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!