Қазақстандағы жолдар жыл басынан бері 500-ден астам мәрте жабылды

10:12, 15 наурыз 2021

© Сурет: ҚР ИИДМ

2021 жылдың екі айында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына 539 шектеу енгізілді. 500-ге жуық көлік қар құрсауынан шығарылды, дейді ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, жол учаскелері боран мен қатты желдің әсерінен жолда көрудің нашарлауы себебінен 329 рет жабылды. Шектеулер 78 мәрте – көктайғақ, 34 рет – ауа температурасының төмендеуі мен 98 мәрте – көршілес өңірлердегі қозғалыстың шектелуіне байланысты енгізілді. Айта кету керек, жол учаскелерін жабу бойынша Ақмола көш бастап тұр. Мұнда биылғы жылдың екі айында жолдар 111 рет жабылды. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Аталған өңірде шектеулер 66 мәрте енгізілді.

Жыл басынан бері жолшылар барлығы 500-ге жуық көлік құралына көмек көрсеткен болатын. Олардың 109-ы жылы бокстерге орналастырылды. Ал 800-ден астам адам "Қазақавтожол" ЖШС жылыту пункттеріне орналастырылды.

Айта кетейік, былтыр сәйкес кезеңде ел жолдары 676 мәрте жабылған болатын. Автокөліктерге енгізілетін шектеулер – бұл мәжбүрлі, бірақ жолдардағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!