Қазақстандағы жаңа автокөліктер тағы қымбаттап кетті

12:19, 16 шілде 2019

2019 жылдың бірінші жартысында жаңа автокөліктің орташа құны 6%-ға артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 282,5 млрд теңгеге 30 754 жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік сатып алды. Сатып алынған автокөліктің орташа құны 8,8 млн теңгені құрады, және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артты. Сонымен бірге Қазақстанда жасалған автокөліктердің орташа құны 6,6 млн теңгені құрады. Шетелде өндірілген автокөліктердің орташа құны шамамен 10,9 млн теңге шамасында, - деп хабарлады автокөлік саласы кәсіпорындарының "ҚазАвтоПром" одағы.

Одақтың дерегінше, сатып алушылардың үштен бірі (29,3%) құны 5 млн теңгеден аспайтын көлікті таңдаған. Бір жыл бұрын бұл сегмент нарықтың 38,9%-ын иеленген. 5-тен 7 млн теңгеге дейінгі баға диапазонында 5 840 дана автотехника сатылды (19%). Бұл сегмент үлесі бір жарым пайыздық тармаққа төмендеді.

Сатып алушылардың 13,9%-ы құны 7-ден 10 млн теңгеге дейінгі (4 271 бірлік) автокөлік алды. Олардың үлесі 2 пайызға азайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!