Қазақстанда бір орыстың үйінен жүрмеген жаңа "Волга" табылды

11:49, 25 маусым 2019
3762

Бұл "Волга"көлігінің тарихын қазіргі қожайыны Алексей айтып берді. 1998 жылы оның ағасы, Ресей армиясының лейтенанты әскери борышын өтеу кезінде Курил аралдарында қаза тапқан екен. Өтемақы ретінде жауынгердің отбасына ГАЗ-3110 автокөлігі берілген, деп жазады Wroom.ru.

Үйде онсыз да бір көлік болғандықтан жаңа көлік қажетке жарамапты. Бірақ үй іші бұл "Волганы" қаза тапқан туысқанның естелігі ретінде сақтауды ұйғарған екен. Содан оның гаражда тұрғанына биыл 21 жыл болды. Зауытта оралған целлофандарына дейін сол қалпы. Жыл сайын бір рет көлікке консервация жасалып отырған. Одометрінде – небәрі үш мың шақырым деп тұр.

ГАЗ-3110 "Волга" седаны Нижний Новгородта 1997 жылдан бастап 2005 жылға дейін шығарылған. Бұл модель – ГАЗ-31029 автокөлігінің терең модернизациясы нәтижесінде дүниеге келген болатын.


Источник: zakon.kz


Пікір