Қазақстан құны үш млн теңгеден аспайтын автокөлік шығармақ

10:21, 27 ақпан 2020

Қазақстанда бағасы 3 миллион теңгеден аспайтын көлік жасалмақ.

Бүл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында айтқан, деп жазады abai.kz.

– Үкіметпен жасалған келіссөз және тапсырмаларға сәйкес, автосалондағы құны 3 миллион теңгеден аспайтын эконом әрі арзан көлік шығару жөнінде жаңа тапсырма бар. Қосымша несиелендіру, лизингтік бағдарламалар жасалады. Біз 3 миллион теңгеден аспайтын көлік моделін таптық, – деген Андрей Лаврентьев.

Қазақстанда қазір бірнеше көлік түрлері құрастырылады. Лаврентьевтің айтуынша, көлік өндірісінің өсімін жылына 100 мың машина шығаратындай дәрежеге жеткізуге болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!