Қазақстан халқы "морально шаршаған" автокөлік теуіп жүр

09:59, 2 мамыр 2019
1189

2019 жылдың ақпан айының соңындағы жағдайға сай, Қазақстанда 3,7 млн данаға сәл жетпейтін жеңіл автокөлік бар. Оның 3,5 млн-ы жеке тұлғалардың атында, деп хабарлайды Zakon.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Елдегі бар автөліктің 64 пайызының "жасы" 10 жылдан асып кеткен. Үш жыл толмаған жаңа автокөліктердің тіркелуі бір жыл ішінде 32,2%-ға азайып отыр.

Халықтың дені қоғалтқыш көлемі 1,5 мың текше см-ден 2 мың текше см-ге дейінгі автокөлікпен жүр (бүкіл көліктің 45,3%).

Елдегі көліктердің 90 пайызға жуығы (3,3 млн данасы) бензинмен жүреді. Газбен жүретін көліктің саны небәрі 3,8 мың дана. "Газбен жүргіштердің" дені Алматы қаласында тұрады: 605 көлік тіркелген.

Автокөліктердің экологиялық таза жанармайға ауысуын ынталандыру үшін Алматы қаласының әкімдігі 2019 жылдың екінші тоқсанында газбен жүретін көліктер үшін парковканы тегін етуді жоспарлап отыр.


Источник: zakon.kz


Пікір