Илон Маск байқауына қатысқан қазақ өнертапқышы министрмен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов америкалық бизнесмен Илон Маск ұйымдастырған Not-A-Boring Competition байқауына қатысушы Санжар Тайжанмен кездесті. Өнертапқыш министрге өзінің жаңа жобасы - қазақстандық электромобильді таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.
Санжар Тайжан өз командасымен бірге бензинмен жүретін автомобильдерді батареямен қозғалатын электр көліктері етіп, қайта жаңғыртады. Қазақстандық өнертапқыш машинаның прототипін Министрге көрсетіп, ерекшеліктері туралы айтып берді.
"Қазір электр көлігі жақсы ауа-райында 100 шақырымнан астам қашықтыққа жүре алады. Ал біз оны 500-600 шақырыға дейін арттыра аламыз. Басты мақсатымыз - электромобильдердің алғашқы қазақстандық брендін жасау. Жақын арада дизайны мүлдем жаңа 30 прототип әзірлеп, модельге 200-ден астам патент алуды жоспарлап отырмыз", - дейді Санжар Тайжан.
Стартап ең алдымен таксиді қоса алғанда еліміздегі қоғамдық көлікті электр түріне ауыстыруды көздейді.
Министр Бейбіт Атамқұлов табиғатты сақтауға және жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға ықпал ететін жаңа технологияларды дамытуды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
ҚР ИИДМ мен Санжар Тайжанның компаниясы жобаны іске асыру үшін бірлесіп инвесторлар іздестіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Министрлік стартапты дамытуға және оның өнімдерін ілгерілетуге жәрдемдеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:27, 14 сәуір 2021
Жаңарған Lada Vesta шығайын деп тұр
-
10:23, 9 сәуір 2021
Шетел нөмірлі көліктердің ел аумағында жүре тұру мерзімі ұзартылды
-
14:59, 5 сәуір 2021
Ақылы жолдарда соғыс ардагерлеріне жеңілдіктер жасалуы мүмкін
-
12:22, 5 сәуір 2021
Қазақстанда дөңгелек шығаратын зауыт құрылысы басталды
-
17:09, 2 сәуір 2021
Петропавлда жүргізушіден пара алған полицейлер ұсталды
Пікір