ІІМ армян нөмірлі көліктерге тыйым салуға батпай отыр

20:38, 25 ақпан 2021

© Сурет: fergana.news

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді уақытша тіркеу шарасы 1 наурызда аяқталуы тиіс еді. Бірақ сары нөмір беру мерзімін ұзарту жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-тің қазақшасына сілтеме жасап қойып.

Бұл әзірше ресми ақпарат емес, дегенмен бірнеше дереккөз Kolesa.kz тілшілеріне мұны растады. Нақты мерзімі белгісіз. Шара тағы алты айға созылады деген болжам бар. Кейбір деректерде 22 мың көліктің 19 500-і тіркелгені жазылды, қалғаны тек оң рөлді және біздің елде сенімхат арқылы сатылған көліктер екен.

Армениядан келген машина үшін екі елге салық төлеу мәселесі де жуырда шешілуі тиіс.

Еске сала кетейік, Қазақстанда одақтас елден келген машиналарды уақытша тіркеу 2020 жылы 1 маусымда басталды. Көлік иелері 1 қыркүйекке дейін сары нөмір алып үлгеруі керек болатын, кейін мерзім 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды. Мұндай машинаны Қазақстанда есепке қойғанша сатуға, сыйға беруге болмайды. Қажет болса сақтауға берген армениялық нөмірін қайта алып, елден шығаруға мүмкіндік бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!