Хонда ойланып, Қазақстанды емес, Әзербайжанды таңдады

15:23, 10 наурыз 2021
4052

© Сурет: acmilan.com

Кезінде Италияның "Миланы" мен Мәскеудің ЦСКА-сында ойнаған жапониялық жартылай қорғаушы Кейсуке Хонда карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін еді, дейді Vesti.kz.

Sportinfo.az таратқан ақпаратқа сәйкес, 34 жасқа келген футболшыға Қазақстанның бірқатар клубтары ұсыныс жасаған, бірақ Хонда әзербайжандық "Нефтчи" клубының ұсынысын таңдауды жөн көрген.

Хонда 2010-2013 жылдары мәскеулік ЦСКА-да ойнап, Ресей чемпионы атанған. Сосын "Миланда" үш маусым өнер көрсетіп, Италияның Суперкубогын төбесіне көтерген.

Оның соңғы клубы "Портимоненсе" болған, бірақ трансферге қатысты дау туындап, ол клуб сапында бір де бір матч өткізбеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір