Халық ЕАЭО елдерінен көлік кіргізіп жатқанда билік қайда қараған

13:05, 6 ақпан 2020
4503

Сенат депутаттары ЕАЭО елдерінен заңсыз кіргізілген автокөліктер мәселесін енді көтеріп, үкімет басшысы Асқар Маминге сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ішкі істер министрлігінің Армения мен Қырғызстаннан келген көліктерді тіркеуге бағытталған шешімі наразылықтар туғызуда. Тіркегеннен кейін ЕАЭО елдері арасындағы кедендік баждарының айырмашылығын төлеу керек, утилизациялық алым, қосымша құн салығы ретінде көлік құнының 12%-ын төлеу керек. Сонда шамамен көлік иелері 2 млн теңгеден астам ақша төлеуі керек, - делінеді Андрей Лукин оқып берген депутаттық сауал мәтінінде.

Ол атап өткендей, елге әкелінетін әрбір автокөлік Кедендік одақтың "Дөңгелекті көлік құралдары туралы" техникалық регламентіне сәйкес болуы керек.

Соған байланысты сондай көлік иелері жиналып алып, наразылық шараларына шығуда.

2014 жылдан бастап Армения мен Қырғызстанның көліктерін тек сол елдің тұрақты тұрғындары ғана ешқандай кедендік салық төлемей Қазақстанға әкеле алады, онда да тек 1 жылдық мерзімге, әрі Қазақстанда ол көлікті басқа біреудің иелігіне өткізе алмайды.

Ал қазақстандықтар ондай көлікті елге әкеліп, пайдалану үшін 10 жұмыс күннің ішінде кедендік төлемдердің бәрін төлеп, мемлекеттік тіркеуге тұрғызуы тиіс.

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Армения мен Қырғызстанда сырттан кірген көліктерге кедендік жеңілдіктер болған. Ал қалған елдерде кедендік баж салығының бірыңғай ставкасы болған. Сол себепті Армения мен Қырғызстанда автокөліктердің бағасы айтарлықтай арзан келеді.

- Шекара ашық, баға айырмашылығы үлкен болғаннан кейін қазақстандықтар сол елдерден жаппай автокөлік таси бастады. Нәтижесінде қазір Қазақстанда шетелдік нөмірмен шамамен 200 мыңдай автокөлік жүр, ол көліктің қазақстандық иелері кедендік салықты төлеуден бас тартады. Бұл жерде мемлекеттік органдар азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын толық жүргізбеген, - деді Лукин.

Сенаторлардың сөзінше, бұл жағдайға мемлекеттік органдар кінәлі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!