Германияда су жаңа Мерс 190 сатуға қойылды

12:29, 28 мамыр 2019

Mercedes-Benz W201 кузовындағы седандарды 1982 жылдан бастап 1993-ке дейін шығарған. Ал енді 2019 жылы ондай көліктің су жаңасын табу мүмкін емес көрінген, деп жазады kolesa.kz.

Ондай көлік бар екен. Германияда сатуға қойылды. 1986 жылы шыққан бұл мәшине ешқашан тіркеуге тұрмаған. Осы күнге дейін арнайы бокста сақталып келіпті, одометрінде 310 миль деп қана тұр.

Бұл седан АҚШ нарығында сатылуы тиіс еді. Германияда қалай қалып қойғаны беймәлім. Бұл 190 кеше ғана зауыттан шыққандай күйде. Ішінде де, сыртында да бір сызат жоқ.

Моторы 2.3, 134 аттың күші бар. Өзі автомат екен. Сатылып жатқан бағасы 49 900 евро немесе шамамен 55.5 мың доллар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!