Генерал Кудебаев жолға бейнекамера қойылу заңдылығын түсіндірді

12:49, 3 ақпан 2021

Мемлекет Басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасына сәйкес Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев Инстаграмм әлеуметтік желісі арқылы тұрғындарды апта сайын онлайн қабылдауды әдетке айналдырған. Кеше де қабылдау өткізген облыстың бас полицейіне сұрақ қойған көлік жүргізушілері автожолдардағы камералардың қойылу заңдылығы мен айыппұлдарды төлеу тәртібі туралы сұрады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әрбір қазақстандық құқықтық мемлекетте өмір сүргенді қалайды. Сол құқық пен тәртіптің үстемдік құруын әр адам өзінен бастауы қажет деп санаймын. Сіз жол жүру ережесін бұзбасаңыз, қоғамдық тәртіпті қатаң сақтасаңыз, сізге ешқандай камера да, тәртіп сақшылары да кедергі келтірмейді. Қайта олардың сіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жатқанын сезінесіз, деді полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.

Естеріңізде болса, жыл басында Алматы облысының аумағындағы жолдарда "Автоураган" жүйесінің қосымша 20 кешені орнатылып, олардың жалпы саны қырық алтыға жеткені хабарланған болатын. Аталған жүйе елге етене таныс "Сергек" жүйесінен еш кем емес екені белгілі.

Облыс аумағындағы жолдарда жылдамдық пен жол жүру ережелерін сақтамау деректерін тіркейтін бейнебақылау кешендерін тағы да көбейту жоспарда бар. Дегенмен, жол-көлік апаттарының санын азайту мүмкін болмай отыр. Өйткені, жүргізушілер қауіпсіздік шаралары мен жылдамдық тәртібін сақтамаса, еш камера көмектеспейтіні анық, деді облыстың бас полицейі Серік Кудебаев.

Өз кезегінде полиция басшысы тұрғындарды қоғамдық және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!