Ескірген УАЗ көліктерін Эфиопия құрастырайын деді

14:51, 20 желтоқсан 2020

Кәсіпорынның корпоративті басылымы "Панорама УАЗ" хабарлағандай, жуырда зауытқа Эфиопиядан делегация келді.

Олардың мақсаты ел аумағында көлік құрастыруға қажет жинақтарды жеткізу жұмыстарымен танысу еді, деп жазады kolesa.kz.

Эфиопия халқы үшін УАЗ таңсық емес екенін айта кеткен жөн. Соңғы 20 жылда ресейлік зауыт аталған елге 1.2 мың көлік жіберген. Ал жалпы экспорт көлемі 5.2 мыңнан асады.

Африкадағы Bazra Motors компаниясы көлік құрастыруды қашан бастайтыны және қандай модель жасалатыны жайлы ақпарат берілген жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!