әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықты шектеуге қатысты әкімдік түсінік берді

17:37, 11 маусым 2021

© Сурет: autoru-mag

Алматы әкімдігі Ішкі істер министрінің әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықты шектеу мүмкін екендігі туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықты сағатына 80-нен 60 км-ға түсіру мәселе Алматы қаласының әкімдігінде қарастырылып жатқан жоқ, - деді Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.

Айта кетсек, 10 маусымда ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы әкімдігінің әл-Фараби даңғылындағы рұқсатты шекті жылдамдықты қайта төмендету мәселесін қарастырып жатқанын айтты.

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында соңғы 15 жыл бойы рұқсатты жылдамдық сағатына 80 шақырым болып келді. Қазір менің білуімше, қала әкімдігі рұқсатты жылдамдықты сағатына 60 шақырымға дейін азайту мәселесін қарастыруда, - деді Тұрғымбаев ОКҚ брифингінде.

Оның сөзінше, бұл сұрақты әкімдік жол инфрақұрылымы мен жүктемені ескере отырып шешеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!