Дизель жоқ! Қарағандыда автобустар жолға шықпады
© Сурет: zakon.kz
Қарағанды тұрғындары өткен демалыста автобустың аз болғанына наразылық білдірді. Ekaraganda.kz сайты хабарлағандай, қазір жанармай құю бекеттерінде дизель отыны жоқ, сол үшін қоғамдық көлік қызметі қиындыққа ұшырауда, деп жазады kolesa.kz.
Қала билігінің мәліметінше, демалыс күндері автобустардың үштен бірі жолға шыға алмады. Шенділер мәселені дүйсенбі, 11 қазанда шешуге уәде берген. Бірақ қала тұрғындарының айтуынша, жағдай жаңа аптаның басында да дұрысталған жоқ.
Дизель тапшылығына байланысты мұндай жағдай елдің барлық аймағында байқалып отыр, тіпті мұнай өңдейтін зауыт орналасқан Павлодар облысында да қоғамдық көлікке отын жетпей жатыр. Алматыда да жағдай мәз емес, бірақ мұнда мәселе сәл өзгеше, суықтан автобустардағы жаздық дизель қатып қалуда.
Дизельдің бағасы қанша болды?
11 қазанда Алматы және қала маңындағы бекеттер жазғы дизельді 225–295 теңге, ал қысқы дизельді 350–370 теңгеге сатып жатыр. Облыстарда да баға өсті. Қарағандыда жазғы отын 310 теңгеден сатылады. Оның үстіне кей облыста сұйытылған газ бағасы да қыматтап кетті.
Өткен демалыста бензин жетіспей жатқаны туралы ақпарат шықты, Алматыдағы Sinooil бекеті бензинді тек талонмен сата бастаған. Бұл ақпарат 11 қазанда (дүйсенбі) расталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр