Биыл әлемде металл қымбаттап, көлік бағасы өсейін деп тұр

Ресейлік "Коммерсант" басылымы металпрокат құнының күрт артып, машина жасаушылардың шағымданып жатқанын жазды, дейді kolesa.kz.
Трактор мен комбайн өндірушілер үшін баға өсімі 35—50%-ды құраған. Автокөлік құрастыратын кәсіпорындарды да осындай жағдай күтіп тұр.
Ақырғы өнім қымбаттап кетпес үшін машина жасаушылар билікке жүгініп, металл жабдықтардың шығынын азайтуға мүмкіндік беретін ішкі тұтынушыларға арналған құбылмалы экспорт салығын енгізуді сұрамақ.
Шикізат бүкіл әлемде қымбаттап жатыр. Мысалы, желтоқсанда Қытайдағы CFR темір кенін өндіретін базисте өнім бағасы 70 %-ға, ал Түркияда 73 %-ға өскен.
Егер билік дұрыс шешім қабылдамаса, өнеркәсіп компаниялары табыстан қағылмас үшін өнім бағасын көтеруге мәжбүр болады. Бұл жағдайда автокөлік екі есе қымбаттайды деп айту қиын, дегенмен көлік құны 10-15 % өсуі мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:38, 25 ақпан 2021
ІІМ армян нөмірлі көліктерге тыйым салуға батпай отыр
-
15:38, 25 ақпан 2021
Қазақстанда ресейлік нөмірлі Lada мен «ВАЗ» қаптады
-
09:36, 22 ақпан 2021
Сүйкімсіз Chevrolet Cobalt. Арзан седан кредитке алуға лайық па?
-
11:27, 19 ақпан 2021
Бұлар кім? Елде L сериялы сары нөмірлі көліктер жүр
-
10:01, 18 ақпан 2021
Зейнетақы ақшасын автокөлік алуға пайдалану қарастырылуда
Пікір