Бір үйдің құны. Қазақстанға жаңа KIA Rio келді

12:02, 12 қазан 2020

Қазақстанда жаңа KIA Rio моделі сатыла бастады, деп хабарлайды zakon.kz "Бипэк авто – Азия авто" компаниялар тобының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға 6 сатылы автоматты трансмиссиясы бар алдыңғы жетекті көлік ұсынылады. Капотының астында – қуаты 123 а.к./156 Н*м, 1,6 литрлік қозғалтқышы бар. "Жүзді" 11,2 секундта "алады" деседі.

Аралас циклдегі жанармай шығыны 100 шақырымға 6,6 литрді құрайды.

Жаңа Rio клиенттерге Classic Audio, Comfort, Luxe, Style, Prestige және Premium деген алты жинақтаумен сатылмақ.

Ең арзан деген седанның бағасы 6 390 000 теңгеден басталады. Ал ең қымбатының құны қанша екені компанияның баспасөз хабарламасында жария етілмейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!