Бір қазақ 14 жыл бұрын шыққан Камриін 5,5 млн теңгеге сатпақ

15:00, 24 қыркүйек 2019

5.5 млн теңгеге сатылып жатқан Toyota Camry туралы сөз болса, "қырқыншы" не "елуінші" модель болар деген ой келеді. Бірақ рестайлингтен кейінгі Camry 30 жоғарыда аталған бағаға сатылуда, дейді kolesa.kz сайты.

Автокөліктің иесі 2005 жылғы седанның ресми дилерден сатып алынғанын және оны осы уақытқа дейін тек бір адам тізгіндегенін айтады.

Көлік иесін белсенді жүргізуші деп айту қиын, себебі 14 жыл ішінде темір тұлпар бар болғаны 114 мың шақырымды жүріп өткен.

Көлік иесінің сөзіне және ол жүктеген суреттерге сенсек, "камридің" жағдайы өте жақсы көрінеді.

Дегенмен "Камри отыз" үшін 5.5 млн теңгені санап беруге дайын адам табылар ма екен, ол жағы белгісіз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!