Атыраулық "шумахер" рекордтық айыппұл төлейтін болды

09:08, 2 тамыз 2019
3664

31 шілдеде Атырауда полиция қызметкерлері ресейлік нөмірлі "Лада Приора" көлігімен ойқастап жүрген 31 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Көлік иесі ереже бұзудан рекорд орнатқан екен. "Кордон-М" радар кешені оның 43 рет жылдамдықты асырғанын тіркеген болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Полицейлер анықтағандай, "атыраулық шумахердің" жиналған айыппұлдарының жалпы сомасы 782 750 теңгеге жетіпті.

Жүргізушімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бір апта ішінде айыппұлдарын жапқан жағдайда 50 пайыздық жеңілдік жасалатыны хабарланды.

Ереже бұзғыш атыраулықтың көлігі айып тұрағына қаңтарылды.

Өткен жылы тамыз айында 64 жастағы зейнеткер бір айдың ішінде жылдамдықты асырғаны үшін камераға 26 рет түсіп, 475 мың теңге айыппұлға "қадалған" болатын. Бірақ ол жеңілдікті пайдаланып, бюджетке 228 мың теңге төлеп құтылған еді.


Источник: zakon.kz


Пікір