Асықсаң – айыппұл! Орташа жылдамдық үшін жазалайтын заң шығады

16:32, 16 шілде 2019
4857

ҚР Ішкі істер министрлігіне "орташа жылдамдық" ұғымын енгізу мен оны асырғандарды ақшамен жазалау жағын ойластыру тапсырылған болатын. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 шілдеде Ішкі істер министрлігі мен парламент депутаттары жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізіп, оның барысында жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар жасалды. Елдегі әрбір үшінші жол апатына жылдамдықты арттыру себеп деген дәйек айтылды. Соған байланысты, жылдамдықты арттырумен күресу үшін Ішкі істер министрлігіне "орташа жылдамдық" ұғымын заңға енгізу ұсынылды, – деп атап өтті Кеңісбаев.

Оның сөзінше, орташа жылдамдық үшін жазалау былай жүзеге асырылмақ: мәселен, Нұр-Сұлтан-Бурабай тас жолының басында орнатылған камерасы көліктің маркасы мен нөмірін, өткен уақытын жазып алады. Тас жолдың аяғында, Бурабайдың кіре берісінде орнатылатын екінші камера көліктің жеткен уақытын есептеп, орташа жылдамдығын шығара қояды.

- Егер орташа жылдамдық рұқсат етілген межеден асып кетсе, мысалы, рұқсатты жылдамдық 140 км/сағ болса, ал камера есептеген көрсеткіш 150-ден асып кетсе – жүргізуші айыппұл арқалайды, - деп түсіндірді полицей.

"Орташа" жылдамдық өлшеу камералары қала сыртында, республикалық маңызы бар жолдарға орнатылмақ екен.

- Бұл жолдағы жағдайдың жақсаруына, сондай-ақ жазатайым оқиғалар санының азаюына әсер етеді... Орташа жылдамдық үшін салынатын айыппұлға келсек, 592-бап – жылдамдықты асыру үшін жауапкершілік көздейді. Бөлек айыппұл ойлап таппаймыз, - деп атап өтті Комитет басшысының орынбасары.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!