Армениялық нөмірлі көліктерді тоқтатыңдар деген командир қызметінен айырылды

14:50, 30 мамыр 2019

Нұр-Сұлтанда Жол-патруль полициясы полкі командирінің міндетін атқарған кісі қызметінен босатылды. Ол қала көшелерінде армениялық нөмірмен жүрген автокөліктерге хаттама толтыруды талап еткен болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Егер армян көліктеріне хаттамалар толтырылмаса, ертең барлық взвод командирлері, рота командирлері маған түсініктеме әкелетін болады.. – дейді жазбада ер адамның дауысы.

Оқиға бойынша тексеру жүргізілді.

– Нұр-Сұлтанның Полиция департаменті аудиожазбаны тексере келе, әдептік комиссия шешімімен Жергілікті полиция қызметі басқармасының Жол-патруль полициясында полк командирі міндетін атқарушыны қызметінен босатты, – деп хабарлады астаналық ПД баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!